Бәрібаевтағы 36-үй: сот орындаушылары мен басшы арасында дау туды
Фото: Orda.kz
Бәрібаев көшесіндегі 36-үйдің жағдайы ақсап тұрғанын алдыңғы материалымызда жазған болатынбыз. Сот шешімімен 5 ақпан күні олар сол ғимаратты босатуы керек еді. Алайда бүгін олар ол шешімінен бас тартты. Оқиғаны бақылауында ұстап отырған Orda.kz тілшісі ғимаратқа барып, болған жайтты баяндамақ.
Меншік иесінің өкілі және сот орындаушылары 36-үйге келіп, ғимаратты өз еркімен босатуды сұрады. Алайда Дәурен Төлеев олардың бастықтарына барып ол заңды тұлғаның «талап ету» сөзін түсіндіруін, оның қалай орындалатынын сұрағанын айтты. Алайда сот орындаушысы заңгер Айымбетов Жанболатты нұсқады. Ол сот шешіміне бағыну керек екенін айтты.


Шығармашылық ортаның бір мүшесі оларға заңға қарсы шықпайтынын түсіндірді. Оның сөзінше, олар жай ғана 15 сәуірге дейін қала тұруды меңзеп тұр.
«Кей жағдайларға байланысты (жарықтың сөнуі, жылудың болмауы және т.б) біз барлығын қараңғыда істейміз. Көріп тұрғандарыңыздай, мына жерде тұрғандардың көбі әйел адамдар. Сондықтан біз сотқа 15 сәуірге дейін қалдыру туралы өтініш жаздық. Ал ол әлі сотта қаралып жатыр, бізге не иә, не жоқ деп әлі ешкім ештеңе айтқан жоқ», – деді 36-үй мүшелерінің бірі.
Кейін меншік өкілі мен сот орындаушылары ғимаратты бастан аяқ тексеріп, жұмыскерлерден жеке заттарын алып кетуді өтінді. Ал қалған дүниелерді тіркейтінін ескертті.

Заңгер Айымбаев Жанболаттың айтуынша, Дәурен Төлеевке 3-рет қатарынан ғимаратты босату туралы хабар келген. Бірақ ол сонда да кетуден бас тартып жатыр.
«Жалпы оған 3 рет ғимаратты босату туралы хабарлама келді. Әр хабарламадан кейін оған 1 апта ішінде босату мерзімі берілген. 1-хабарлама 9 қыркүйекке дейін босатуы туралы болса, 2-шісі 21 қазанға дейін босатуы туралы хабарлама жіберілді. 3-ші хабарлама осыдан 1 апта бұрын 5 ақпанға дейін босату туралы ескертілді», – деді заңгер.
Сондай-ақ, заңгер журналистің «Дәуреннің осы ісі үшін ашуланып тұрсыз ба?» деген сұрағына жауап берді.
«Иә, олар қазір біздің жұмысымыздың алға басуына кедергі жасап тұр. Біз бұл жерге басқа жалға алушыларды қабылдауымыз керек».
Заңгер енді олардың заттарын далаға шығарып тастамай, бір жерге жинап қоятынын, кейін олар өздерінің заты екенін дәлелдеп ала беретінін, басқа амалы қалмағанын айтты. Бірақ бұл шаруа да оларға кедергі келтіретінін тілге тиек етті. Ал Дәуреннің заңгері бұл тұста олардың істегендері заң тұрғысынан дұрыс екенін, бұндай жағдайда 36-үйде қала алмайтынын өз адамдарына түсіндірді.

Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп іске араласты. Меншік иесінің өкілі мен сот орындаушылары Дәурен Төлеев пен оның заңгерін жеке бөлмеге алып кетіп, бұл жайлы тағы да талқыға салды. Кейін Төлеев 15 сәуірге дейін қалу туралы өтінішті тағы жіберетінін, оған дейін басқа ғимарат қарастыра беретінін айтты.
«Заттарды жинауға бізде уақыт көп болды деп ойлайды. Бірақ бұл жерде 1000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Түнде біз бұл жерде жарықсыз жүреміз, сондықтан біз соттан 15 сәуірге дейін осында бола тұруды сұраймыз. Біз кедергі келтіріп тұрған жоқпыз, жай ғана уақыт сұрап тұрмыз, болды», – деді Дәурен Төлеев.
Сондай-ақ, Төлеев тұрғындардан басқа да осындай жалға берілетін ғимарат болса, оларға айтуды сұрады.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды