Бангладештің бұрынғы премьері өлім жазасына кесілді

cover Фото: rbc.ru

Бангладеште арнайы трибунал бұрынғы премьер-министрге үкім шығарды. Шейх Хасин 2024 жылдың жазында студенттердің наразылықтарын күшпен таратқаны үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сот оны адамзатқа қарсы қылмыстары үшін кінәлі деп тауып, екі жаза тағайындады. Ол наразылық білдірушілерді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айрылу мен өлім жазасына кесілді. Сот процесі экс-премьер-министрсіз өтті.

Прокурорлар Шейх Хасиннің қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ атуды бұйырғанын айтады. Олар істің саяси астары бар екенін анықтады. Бірақ экс-премьер-министр айыптауларды жоққа шығарды. 

БҰҰ мәліметтері бойынша, наразылықтар кезінде 1400-ге жуық адам қаза тапқан. Бұл революциялық соғыстан кейінгі ең қанды эпизод деп танылды.

Айта кетейік, Қазақстанда белорус блогері Mellstroy-ге іздеу салынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар