«Балам дәрігердің салғырттығынан қаза тапты»: Атыраулық әйел бір жыл бойы әділдік сұрап жүр
Фото: Pixabay
Атырау облысы Қызылқоға ауданының тұрғыны Айгүл Егізбаева дәрігерлердің немқұрайлылығынан баласынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір жылға жуық әйел кінәлілерді жазалауды талап етіп келеді. Жауаптылар жұмыстан шыққанымен, әйел олардың заң алдында жазаланғанын қалайды.
2023 жылғы 25 мамырда Сағыз ауылының жүкті тұрғыны Атырау қаласы Алмагүл шағын ауданындағы перинаталдық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілді. Сағат 21:00 шамасында оны дәрігер Нұргүл Маратқызы қабылдайды. Түн ортасында әйелдің толғағы басталады. Әйел ауырып тұрса да, оны ешкім тексермегенін айтты. Тіпті гинеколог маман да келіп тексермеген.
Тек 26 мамырда таңертең, шамамен 7:30-да дәрігерлер әйелге келген. Тексеру барысында түнде қоюы керек болған диагнозды дәрігерлер таңертең анықтаған. Кейінірек оған ота жасалды, бірақ бала өлі туылды.
«Мәйітханада маған баланың туа біткен аурулары жоқ екенін айтты. Өлімнің себебі — ауа жетпеген. Егер көмек уақытында көрсетілсе, ол өмір сүретін еді», — дейді әйел.
Айгүл медициналық қызмет сапасын бақылау департаментіне шағым түсірген. Олар перинаталдық орталықтың кінәсін растады. Азаматтық талап қою аясында сот әйелге миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеген.
Әйел полицияға арыз жазған. Бірақ 2024 жылдың желтоқсанында тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды. Orda.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына екі рет сауал жіберді. Бірақ бірде-бір рет жауап келмеді. Енді баласынан айырылған ана материалдарды Астанаға қайта сараптамаға жіберуді талап етіп отыр.
Еске салайық, Шу қаласындағы көпбейінді ауруханада ана мен бала өлімі тіркеліп, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Перзентханаға өз аяғымен барған 26 жастағы Әдемі Ешенәлиева сәбиімен қоса жұмбақ жағдайда көз жұмды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?