Балаларды уланған кәмпитпен өлтірмек болған ер адам ұсталды

cover Фото: Pexels

Молдова астанасы Кишиневте 20 жастағы Грузия азаматы Михаил Чхиквишвили Нью-Йоркте теракт жасауды жоспарлады деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы Нью-Йорктің шығыс округінің прокуратурасы хабарлады.

«Мишка», «Майкл» және «Командир Мясник» деген аттармен белгілі Чхиквишвилиге жеккөрушілік негізіндегі қылмыстарға және жаппай зорлық-зомбылыққа итермелеу айыптары тағылуда. Ол Интерполдың іздестіруі бойынша 6 шілдеде ұсталған.

Чхиквишвили неонацистік «М.К.У.» («Маньяки. Культ убийств») топтың жетекшісі деген болжам да бар. Ол Нью-Йорктегі ұлттық азшылық өкілдерінің балаларына уланған кәмпиттерді тарату үшін адамдарды жалдамақ болған. Жалданғандардың бірі ФБР агенті болып, Чхиквишвили ұсталды.

Егер ол кінәлі деп танылса, Чхиквишвилиге АҚШ-та 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар