«Балалар тіл түсінбей жылайды»: Петропавлда қазақ балалары орыс топтарға баруға мәжбүр
Фото: freepik.com
Петропавлда қазақ балаларын қабылдайтын балабақшалар саусақпен санарлық. Орын тапшылығы салдарынан олар орыс тілінде тәрбие беретін топтарға баруға мәжбүр. Баласының болашағына алаңдаған ата-аналар ақылы білім беретін орталықтарға жүгінеді немесе баласын мектепке дайындайтын жеке орталықтарға тасиды.
Orda.kz тілшісі баласына бақша таңдауда қиындық көріп отырған ата-аналармен сөйлесті.
Қалалық статистика бойынша, Петропавлда бақшаға баратын 7 мың баланың тек 2 мыңы қазақ тобында тәлім алады. Ата-аналар қазақ тілді топтардың аздығына шағымданып, орын жетпей қалатынына наразылық білдірді.
Алайда Петропавл қаласының білім бөлімі бұл ақпаратты теріске шығарды. Бөлімнің хабарлауынша, Индиго ақпараттық жүйесінде қазір 1122 бос орын бар, оның ішінде қаланың әртүрлі аудандарында мемлекеттік тілде оқытылатын 200-ден астам орын бар.
«Айгөлек», «Алтын бесік», «Ивушка», «Ақ көгершін», «Солнышко», «Росинка» балабақшаларында, сондай-ақ 19-20 шағын аудандағы «Петушок» және вокзал маңындағы «Арман», «Гулливер» орталықтарында бос орындар бар», деп хабарлады Петропавл қаласының білім бөлімі.
Келесі айда «Жас өркен» шағын ауданында 280 орындық балабақша ашылады деп жоспарлануда, оның жұмысын толық мемлекеттік тілде жүргізу жоспарланып отыр.
Дегенмен, Рабочий поселок шағын ауданында үш балабақша болса да, қазақ топтарының жоқтығы тұрғындарды алаңдатып отыр.
«Амалым қалмай, 2 қызымды орыс тобына беруге тура келді. Алайда олар екі ай бойы жылап, тіл түсінбей, қайта бақшадан шықты. Қазір екеуі де үйде. Бірі 5 жаста, бірі 3 жаста. Қазақ тілді топқа берейін десек, бірінші орын жоқ, екінші жол алыс. Өзіміздегі үш бақшаның бірінде қазақ тобын ашуға болады ғой», – дейді Айнұр есімді тұрғын.
Тағы бір тұрғын балабақша басшылығымен сөйлескенін айтты, бірақ «қазақ тобын ашуға бала саны жетпейді» деген жауап алған. Айнұр есімді келіншек баласын орыс тобына беруге мәжбүр болғанын, бірақ «жылда келесі жылы ашамыз» деп үміттендіретінін жеткізді.
«Қарап тұрсаң, сол орыс тобына баратындар түгел қазақ балалар», – деп ренжіді ол.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақ тілі үшін жасалатын цифрлық платформаның маңызын түсіндірді.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады