«Балалар орталығындағы жанжал»: «Бөбек» орталығының атын өзгерту шешімі дау туғызды

cover Фото: Pexels

«Бөбек» орталығының атауын «Ұлттық ғылыми-практикалық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығы» деп өзгерту туралы министрлік жобасының жариялануы үлкен дау туғызды. Ата-аналар бұл өзгеріске наразылық білдіріп жатыр.

Бұл өзгеріс Ашық НҚА порталында жарияланып, көптің назарына ұсынылған болатын.

Көбіне пікір жазған ата-аналар қазіргі орталықты жақсартудың орнына, оның құрылымын өзгерту мен атауын ауыстыру жоспарланып жатқанын сынға алады. Көптеген ата-аналар министрліктің жобаны инклюзивті білім беру саласы мамандарымен кеңеспей жариялағанына наразылық білдіреді. Олар жаңадан ашылған орталықтардың орнына, бұрыннан бар орталықтарға инвестиция құю керек деп санайды.

Ата-аналар жаңа мекемелер ашқанша бар орталықтарды дамыту мен қолдауға баса назар аударуды сұрайды және олардың пікірлері ескерілетініне үміттенеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар