«Балалар бөлінбейді»: Алматы әкімдігі «Бағанашыл» балалар үйі туралы ресми мәлімдеме жасады
Фото: Orda.kz
Алматы әкімдігі «Бағанашыл» балалар үйіне қатысты туындаған дау-дамайдан кейін ресми түсініктеме берді. Әкімдіктің хабарлауынша, қазіргі таңда нысанды басқа мекемеге беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Балалар үйінің ғимаратын қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл жұмыс техникалық тексеру, құжаттаманы әзірлеу, сараптама және конкурс өткізу шараларынан кейін келесі жылы басталады», деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қайта жөндеу кезінде балалар уақытша басқа жерге көшіріледі. Бірақ әкімдік оларды бөлмейтінін және барлық қауіпсіздік пен тұрмыстық жағдай сақталатынына уәде етті.
«Балалардың оқу процесі Алматы қаласындағы өздері оқып жүрген мектептерде үздіксіз жалғасады. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Жағдай толық бақылауда», – деді әкімдік өкілдері.
Еске сала кетсек, Алматыдағы №1 балалар үйін Қонаев қаласына көшіру туралы шешімге балалар қарсы шығып, автобустың жолын бөгеп, наразылық танытты. Олар кішкентай топтың балаларын алып кетуге қарсылық танытып, қақпаның алдына тұрып алды. Балалар қарсыласқан соң, әкімдік полиция қызметкерлерін шақырып, шара қолданбақ болды. Содан жазықсыз балалардың кейбіреуі жарақат алды. Ақыры Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейтін болды.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?