Балаева «Қазақфильмге» қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Фото: primeminister.kz
Аида Балаева «Қазақфильмге» қатысты қауесеттердің көбейгеніне байланысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильмге» қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпараттардың негізсіз екенін айтты. Киностудияға қатысты алаңдаушылық туғызған ақпараттар шындыққа жанаспайды екен.
«Қазақфильмге» тиесілі жер сатылған жоқ және тек киноматография мүддесі үшін пайдаланылып жатыр. Бұл мәселе төңірегіндегі негізсіз қауесеттер тоқтатылуы керек», - деді ол.
Сонымен қатар министр киностудияның Астанаға көшірілмейтінін, Алматыда өз қызметін жалғастыратынын айтты.
«Қазіргі уақытта елордаға «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін көшіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Мұндағы маңызды жайт – «Қазақанимация» өндірістік база емес, анимациялық контент жасауға тапсырыстарды бөлетін құрылым. Сондықтан оның Астанаға көшуі саланың жұмысына еш кедергі келтірмейді», – дейді Балаева.
Сондай-ақ министр «Қазақфильмнің» тұрақты әрі тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін министрлік жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізді. Балаева демеушілердің арқасында соңғы 15 жылда жүргізілмеген жөндеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Orda.kz тілшісі белгілі режиссер Елзат Ескендірден осы дау бойынша сұхбат алған еді.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады