Бакуде ФСБ агенттері ұсталды
Фото: Досье
30 маусым күні Бакудегі «Sputnik Әзірбайжан» агенттігінің кеңсесінде Әзірбайжанның қауіпсіздік күштері ФСБ-ның (Федералдық қауіпсіздік қызметі) екі қызметкерін ұстағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бірнеше әзірбайжандық БАҚ — Minval.az, Vesti.az және APA мәліметінше, олар Ресей мемлекеттік медиахолдингі «Россия сегодня»-ға қарасты бұл агенттікте журналист кейпінде жұмыс істеген.
Сол күні кеңседе тінту жүргізілген. Ресми себептер жарияланған жоқ. Алайда бұл оқиға Әзірбайжан мен Ресей арасындағы қатынастың күрт нашарлаған тұсына тұспа-тұс келіп отыр.
Айта кетейік, биыл ақпанда Әзірбайжан билігі Sputnik-тің елдегі қызметін тоқтатуға шешім қабылдаған. Ресми түрде редакцияда тек бір ғана қызметкер қалдырылған. Дегенмен агенттік шектеулі түрде жұмысын жалғастырып келген.
Ұсталғандар туралы жаңалыққа Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова үн қатты. Оның айтуынша, Ресей дипломаттарына күдіктілермен кездесуге рұқсат берілмеген. Ал әзірбайжандық тарап бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ — не ресми түрде, не бейресми дерек арқылы. Сонымен қатар, «Россия сегодня» медиахолдингі де ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ.
27 маусымда Екатеринбургте әзірбайжан азаматтарына қарсы жаппай рейдтер өткеннен кейін Баку мен Мәскеу арасындағы жағдай ушыға түсті. Әзірбайжан билігі сол оқиға кезінде екі азаматының «қатыгездікпен өлтірілгенін» мәлімдеген. Қазіргі таңда бұл айыптауға нақты дәлел келтірілмегенімен, ресми Баку Ресей құқық қорғау органдарын тікелей айыптап отыр. Кремль бұл жағдайға ешқандай пікір білдірген жоқ.
Бұған дейін де Баку Мәскеуге қатысты өз наразылығын ашық айтып келген. 2024 жылдың желтоқсанында Грозный үстінде Azerbaijan Airlines ұшағының апаты бойынша Ресей тарапы кінәсін әлі мойындаған жоқ.
Жаңалықтар
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді