БАҚ өкілдеріне ештеңе естілмейді: Сот Хасан Қасымбаев пен жәбірленуші Аюпжан Тәжиевті беттестірді
Фото: Orda.kz/ Ислам Әден
«Хуторлықтар» атты ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаев пен серіктеріне қатысты іс Талғар аудандық сотында қаралып жатыр. Бүгін Хасан мен оның ісінде жәбірленуші деп танылған Аюпжан Тәжиевті сот беттестірді. Алайда көрші бөлмедегі тілшілерге ештеңе естілмеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта 6 айыпталушы және 2 жәбірленуші бар. Бүгінгі сотта Хасан Қасымбаев пен Тәжиевті сот беттестірді. Судья бұған дейін жәбірленушінің соттағы жауабы көпшілікке жарияланбайды деп шешім қабылдады.
Сондықтан БАҚ өкілдері көрші бөлмеден теледидар арқылы сот процесін қарауға мәжбүр болды. Тілшілердің айтуынша сотта не болып жатқанын есту мүмкін емес.
Айта кетейік, бұған дейін сотқа қатыспай жүрген жәбірленуші Аюпжан Тәжиев Хасанға шағымы жоқ екенін айтқан болатын. Ал екінші жәбірленуші Арман Әлімов Хасанның қол астындағы «бауырлары» дүкеннің алдында оны соққыға жығып, қаланың шетіне апарып одан жауап алған.
Еске сала кетейік, судья БАҚ өкілдерін тікелей эфир арқылы көріп отыруын бұйырған еді. Алайда қорғаушы адвокаттар мен БАҚ өкілдері оған наразылық танытып, судьяға арыз-шағым қалдырғанымен, әлі де қараусыз жатыр.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды