«Бәйтерек» Ұлттық холдиңгінің атауы өзгертілді
Фото: Kapital.kz
«Бәйтерек» Ұлттық холдиңгінің атауы «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдиң деп ауысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов Тоқаевтың экономиканың нақты секторын қолдауды күшейту және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Ұлттық инвестициялық холдиңгін одан әрі трансформациялау мәселелері бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдиңгі (ҰБХ) директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиында директорлар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Директорлар кеңесі «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдиңгінің атауын Ұлттық инвестициялық холдиң деп ауыстыру мәселесін мақұлдады.
«Инвестхолдиңге инфрақұрылымдық, экспорттық және индустриялық жобаларды қолдау бойынша қосымша функциялар беріледі», деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, үкіметтің, Ұлттық Банктің және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» холдиңгі экономиканың нақты секторына несие беру көлемін ұлғайтады.
Айта кетейік, бір ай бұрын президенттің бұрынғы көмекшісі болған Шарлапаев «Бәйтерек» құрамындағы қызметінен босатылды.
Жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті