Байбектің артынан Бергей Рысқалиев сакурамен видео жариялады
Фото: Бейнеден кадр
Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев Лондон саябағында серуен видеосын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бергей Рысқалиевтің гүлдеген сакура ағаштарының астында серуендеп жүрген видеосы оның TikTok арнасында жарияланды. Бейнежазбада геолокация көрсетілмеген, сондықтан кейбір көрермендер Рысқалиев Жапонияда жүр деп ойлап қалуы мүмкін.
Orda.kz жүргізген фактчек нәтижесінде Рысқалиевтің Евразияның екінші шетіне, яғни Жапонияға бармағаны анықталды. Ол Лондонда орналасқан Гринвич саябағында серуендеген. Бұл орын көктемде гүлдейтін сакураларымен танымал.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түскен еді.
Өзін шетелдегі казақстандық оппозиция өкілдерінің бірі етіп көрсететін экс-шенеунік Бергей Рысқалиев — 1967 жылы 21 қаңтарда Гурьев облысы Мақат ауданында дүниеге келген. Бергей Рысқалиев 2006 жылы Атырау облысының әкімі болды. Кейін 2012 жылы Атырау облысының әкімі қызметінен кеткеннен кейін бірден елден де кетіп қалды. 2013 жылдың қаңтар айының соңында Бергей Рысқалиевқа іздеу жарияланды.
Еске салайық, Ресей тыңшылары Рысқалиевті аңдығанын мойындады.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды