«Әзірбайжан тарихы» пәні орыс тілді мектептерде тек әзірбайжан тілінде оқытылады

cover Фото: freepik.com

Әзірбайжанда оқу жылының басталуына аз уақыт қалғанда маңызды шешім қабылданды. Енді елдегі басқа тілдерде оқытылатын мектептің бәрінде «Әзірбайжан тарихы» пәні тек әзірбайжан тілінде өтеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

2025-2026 оқу жылынан бастап басқа тілдерде оқытылатын мектептерде 5-6-сынып оқушылары «Әзірбайжан тарихы» пәнін әзірбайжан тілінде оқиды. Жаңа шешім ғылым және білім министрі Эмин Амруллаевтың жарлығымен бекітілді. 

Бұл министрдің «2025-2026 оқу жылына арналған жалпы білім беретін оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрығында көрсетілді. 

Айта кетейік, Әзірбайжан AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына байланысты Ресейге қарсы халықаралық соттарға жүгіну үшін құжат әзірлеп жатыр. Бұл туралы Илхам Әлиев кеше Шуша қаласында өткен медиафорумда айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар