Әзірбайжан Ресей қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтатты

Баку Ресей құқық қорғау органдарын Екатеринбургтегі әзірбайжан ұлтының өкілдеріне күш қолданды деп айыптады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әзірбайжан тарапы Ресейдің әртістері мен мәдени ұйымдары қатысатын мәдени шаралардың бәрін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім Екатеринбургте болған оқиғалардан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастың күрт шиеленісуіне байланысты қабылданған. Әзірбайжанның мәлімдеуінше, Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Ресми мәлімдемені Әзірбайжанның мәдениет министрлігі таратты. Онда бұл шешімнің себебі ретінде «Ресейдің құқық қорғау органдары тарапынан Екатеринбург қаласында әзірбайжан ұлтының өкілдеріне қарсы жасалған қасақана, мақсатты және сотсыз зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру әрекеттері» көрсетілген. Әзірбайжан билігі мұндай жағдайлар жиілеп, үнемі қайталанып бара жатқанын да атап өтті.
«Әзірбайжан аумағында Ресейдің мемлекеттік не жекеменшік ұйымдары жоспарлаған барлық іс-шаралар — концерттер, театр қойылымдары, фестивальдер мен көрмелер тоқтатылды», деп хабарлады мәдениет министрлігі.
Сонымен қатар азаматтарға билеттерін қайтару үшін кассаларға немесе онлайн-платформаларға жүгінуге кеңес берілді.
Шиеленіске байланысты Ресей вице-премьері Алексей Оверчуктың шілде айына жоспарланған Бакуге сапары да тоқтатылды. Бұл туралы Әзірбайжан ұлттық мәжілісінің депутаты Нигяр Мұхаммедова мәлімдеді. Оның айтуынша, «қазіргі жағдайды ескере отырып, үкімет бұл сапардың мағынасы жоқ» деп есептейді.
iTicket.az порталы таратқан мәліметке сәйкес, тоқтатылған мәдени шаралар:
- Yumor Fest әзіл-сықақ фестивалі (18 шілде, Sea Breeze Resort);
- Бастаның концерті (30 тамыз);
- Қазан айына жоспарланған «Щелкунчик», «Аққулар көлі», «Ромео мен Джульетта» және «Дюймовочка» балеттері;
- Сергей Безруков, Леонид Агутин мен Анжелика Варумның концерттері;
- Евгений Синяковтың стендап концерті;
- «Мастер мен Маргарита» мен «Щелкунчик» шығармаларының желісімен қойылатын фламенко спектакльдері.
Бұған қоса, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әзірбайжан Ресей азаматтары үшін жаңа көші-қон тәртібін енгізді. Енді олар елде жылына 90 күннен артық тұра алмайды. Бұл шешімді Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі «Ресей тарапынан қабылданған осы секілді шектеулерге жауап» ретінде жасалғанын түсіндірді.
Жаңалықтар
- «Ескі Қазақстан» шенеуніктерінің жаңа орны: Неге Атамқұлов Ташкентке, ал Абаев Мәскеуге кетті?
- Қытайда басы дауға қалған блогер қыз Өзбекстанда да жігіттерге «қырыңдады»
- Мектеп оқушылары күзгі демалыста 7 күн демалады
- «Шынайы жанкүйерлер келеді»: «Қайрат» ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді
- Қазақстанның футбол клубтары қай бай-бағланның қолына өтеді?
- Аттың жалына байлап сүйреген Айзаттың өлімін тергеу «кездейсоқ жағдай» деп атады
- Астана соты 5 адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты
- Балалар бапкерінен Винисиусқа қарсы: «Бізге жеңіс керек» – Тапалов
- Алматыда таудағы жарыс кезінде 70 жастағы спортшы қайтыс болды
- Қытайда теңізге ұшақ құлады
- 2 млрд теңге жымқырған депутат қамауға алынды
- AZAL ұшақ апаты туралы Ресей жасырған шындықты айтқан жолаушы көз жұмды
- Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
- Мыңдаған тонна Қазақстан пиязы Ресейде ұшты-күйлі жоғалды
- Абайдың «Бойы бұлғаң» әні Грэмми ұсынған әлемдік альбомға енді
- Қандай алаяқтық несиелер есептен шығарылады
- Қара халықтың «қанын қайнатқан» қолжетпес тариф кімнің қалтасын қампайтып жатыр?
- Air China ұшағында қол жүгінде жатқан литий батареясы жанып кетті
- Қазақстанның бір өңірінде екі АЭС салу қажеттілік пе?
- Ресейлік Су мен түркиялық F-16 эскорты: Путиннің Будапештке қалай жететіні белгілі болды