Әзірбайжан прокурорлары тергеу жұмыстары үшін Грозныйға аттанды

cover Фото: Orda.kz

Ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу мақсатында Әзірбайжан бас прокуратурасының қызметкерлері Грозныйға аттанды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Trend агенттігі хабарлады, ақпаратты Әзірбайжанның бас прокуратурасы таратты.

Осы мақсатпен Бас прокуратура қызметкерлерінен құралған топ Ресей Федерациясының бас прокуратурасымен келісім бойынша Грозный қаласына аттанды. Олар осы құрылым әріптестерімен бірге тергеу және басқа да процестік әрекеттер жүргізуде.

Кеше әзірбайжандық үкіметтік көздері Euronews-ке Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшағы апатына Ресейдің зениттік зымыраны себеп болғанын растады.

Бүгін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Бірақ Әзірбайжан билігі көмектен бас тартты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар