Ажалдан аман қалған Берденов көпшілікке алғысын айтты
Фото: instagram / ruslan_berdenov
Оқ тиіп жараланып, ауруханада жатқан Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында бұл жағдайдың өзі мен отбасы үшін үлкен сынақ болғанын атап өтті. Тілекші жандардың бәріне шексіз алғыс айтып, халықтың жанашырлығын өмірінің ең қиын сәттерінде сезінгенін ерекше атап өтті.
«Сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді» деп жазды ол.
Берденов сауығуына ең алдымен Алланың қолдауы, кейін дәрігерлердің кәсіби көмегі себеп болғанын айтты.
«Міне, 3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді. Ақ халатты абзал жандардың мейірімі мен кәсібилігіне көзім жетті. Еліміздің медицинасы шетелдік клиникалардан кем емес» деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалуына байланысты полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды