Қазақстанның Түркиядағы консулы жол апатынан көз жұмды

cover

Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы Халил Улуер жұбайымен бірге жол апатынан көз жұмды.

Бұл туралы Orda.kz Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлының Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

– Мен адал дос және әйгілі түрік кәсіпкері, Халил Улуер мырза мен оның әйелі бүгін түнде жол апатынан көз жұмғанын білдім. Бауырымыздың бізді тастап кеткеніне әлі де сенгім келмейді.

Абзал Сапарбекұлы Халил Улуердің өз елінің патриоты ғана емес, сонымен қатар, қазақ халқының нағыз досы болғанын атап өтті.

– Ол Невчехирде және Түркияда қазақ туын желбіреткен табысты кәсіпкер болды. Пандемия кезінде студенттерге көмектесті және Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуге қатысты. Түрік ұлтына көңіл айтамын, - деп жазды елші.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар