Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережесі өзгерді

cover

10 шілдеден бастап Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа ережелері енгізіледі.

Бұл туралы Orda.kz. Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2021 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өту үшін «Covid-19-сыз саяхат» қосымшасы арқылы covid-19 ПТР тестінің теріс нәтижесінің болуын растау қажет» делінген хабарламада.

Қазақстандықтарға қосымшаны алдын ала жүктеп алу керек, содан кейін қосымшада ұсынылған тізімнен ең жақын зертхананы таңдау қажет. ПТР-тест тапсырып, нәтижесін алғаннан кейін QR-кодты сканерлеу жолымен (кодты зертхана береді) оны қосымшаның «тесттер» бөліміне жүктеу қажет. Шекарадан өткен кезде осы кодты шекара қызметінің қызметкерлеріне көрсету керек.

– Ресей Федерациясы бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы өзгерістерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) азаматтары 2021 жылғы 10 шілдеден бастап Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде «Covid - 19-сыз саяхат» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, covid-19 - ға ПТР теріс нәтижесінің (Ресей Федерациясының аумағына келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын іріктелген) болуын растауы тиіс, - деп қосты елшілікте.

«Covid-19-сыз саяхат» қосымшасы қазақстандықтар үшін маусым айының басында қолжетімді болды. Оны Еуразиялық Даму Банкі ЕАЭО елдерінің азаматтары шекарадан өткен кезде ПТР-тест нәтижелерін өзінің ұялы телефонының көмегімен ұсыну мүмкіндігіне ие болуы үшін әзірледі және оларға ПТР-тест нәтижелері бар анықтамаларды қағаз түрінде ұсыну талап етілмейді. QR-код түріндегі нәтижелер қосымшада пайда болады. Шекарадан өткен кезде QR коды қажет болады.

Еске сала кетсек, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 30 маусым күні Ресей президентімен кездесу үшін Мәскеуге барған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар