Ел тұрғындары алған екпелер штамнан қорғай ала ма?

cover

Қазіргі таңда Қазақстанда QazVac, Hayat-Vax, CoronaVac, Спутник V екпелері қолжетімді. Бірақ олар төніп келген «үнді» және басқа да коронавирустың штамдарынан қорғай ала ма?

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, QazVac және Спутник V вакциналары барлық белгілі штамнан, соның ішінде үнді штамынан да қорғайды, - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Еске салсақ, кеше Нұр-Сұлтанда, бүгін Алматыда коронавирустың «Дельта» штамы анықталды.

Оның белгілері туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтқан:

– Соңғы зерттеулер көрсеткендей, «үнді» штамы ауруханаға жатқызу және өлім-жітімнің жоғары ықтималдығына байланысты. Сонымен қатар, буындар мен іштің қатты ауруы, есту қабілетінің жоғалуы сияқты жаңа клиникалық белгілер пайда болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар