Қазақстандықтар министрліктерден жауап ала алды ма?

cover

Білім және ғылым министрлігі азаматтардың өтініштерінің 79,7%-на ғана жауап берді. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігінің 36,9% жауаптары пайдасыз болып шықты.

Ranking.kz сарапшылары келіп түскен өтініштерге министрліктердің реакциясы мен азаматтардың жауаптарға қанағаттану дәрежесіне зерттеу жүргізді. Олардың айтуынша, он қазақстандықтың үшеуі алған жауаптарына қанағаттанбайды.

Азаматтардың сұрақтарына жауап саны бойынша аутсайдерлердің алғашқы үштігіне Білім және ғылым министрлігі, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі енді. Білім және ғылым министрлігі рейтингтің соңғы сатысында тұр: департаменттегі 38,1 мың өтініштің тек 30,4 мыңы (79,7%) жауап алды.

Ұлттық экономика министрлігі көш бастап келеді, ол халықтың және бизнестің барлық дерлік сұрақтарына жауап берді - 99,9%.

Денсаулық сақтау министрлігінің жауаптары қазақстандықтарды аз қанағаттандырады. Олар 434 қанағаттанарлықсыз баға алды (36,9%). Сондай-ақ, қазақстандықтар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 36,7% жауаптарын пайдасыз деп таныды. Сауда және интеграция министрлігінің жауаптарының 35%-ы азаматтарға көмектесе алмады.

2020 жылы Қазақстан үкіметтің ашықтығы бойынша елдер рейтингінде 128 елдің ішінде 81 орынды иеленді. Үкіметтің ашықтық индексі үш өлшем бойынша анықталды:

  • мемлекет қаншалықты ақпаратпен бөліседі;
  • мемлекет азаматтарға үкіметтің есептілігін бақылаудың тиімді құралдарымен қамтамасыз ете ме;
  • мемлекет азаматтардың қоғамдық саяси талқылауға қатысуына ықпал етеді ме.

Рейтингте Қазақстан Қырғызстан мен Ресейден кейін тұр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар