Қазақстандықтар анықтамасыз ұшаққа міне алмайды

cover

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов 12 сәуірде жаңа қаулыға қол қойды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, 14 сәуірден бастап ПТР-тестілеу нәтижелері туралы анықтама көрсетпеген жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды.

Бұрын ҚР азаматтары ұшаққа анықтамасыз жіберілген.

Жаңа қаулы анықтамасыз келген қазақстандықтарды карантиндік стационарға орналастырып, ПТР-тест жасайтыны туралы тармақты алып тастайды.

Құжатта карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайтынын еске салады.

—  Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдайды, - делінген жаңа қаулыда.

Қаулының толық нұсқасымен сілтемені басып таныса аласыздар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар