Қазақстандық паралимпиадашыларға ақшалай сертификаттар табысталды

cover

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Токио Паралимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен:

  • Дэвид Дегтярев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;
  • Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев - «Парасат»;
  • Нұрдәулет Жұмағали - «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

- Мемлекеттік хатшы Жапония астанасында XVI жазғы Паралимпиадада сәтті өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларға жоғары мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс етті, - делінген Ақорда хабарламасында.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қазақстандық паралимпиадашылар бес медаль жеңіп алып, ел үшін рекорд орнатқанын атап өтті.

  • Пара-пауэрлифтингші Давид Дегтяревке – 106 млн теңге
  • Пара-дзюдошы Зарина Байбатинаға – 63 млн теңге
  • Пара-дзюдошы Теміржан Дәулетке – 63 млн теңге
  • Пара-дзюдошы Әнуар Сариевке – 63 млн теңге
  • Пара-жүзуші Нұрдәулет Жұмағалиға – 31 млн теңге ақшалай сертификаттарды табысталды.

Еске салсақ, Токио-2020 Паралимпиада ойындарыда Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс, жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жеңіп алған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар