Қазақстанда газ экспортына тыйым салынуы мүмкін

cover

Елде күн сайын газ тапшылығы туралы айтылып келеді. Айлық тапшылық мөлшері 25 мың тоннаға жеткен. ҚР Энергетика министрі оны көліктердің көбеюімен түсіндірді.

Хабар 24 арнасының хабарлауынша, министрлік өндіріс бұрынғы қалпында жүріп жатыр, ал тұтынушылар әлдеқайда көбейген деп түсіндірді.

2021 жылы тұтынылатын газ мөлшері екі жыл бұрынғыға қарағанда 300 мың тоннаға артқан. Онымен Қазақстанның екі ірі аймағын газбен қамтамасыз етуге болады.

Қазіргі таңда Павлодар мен Атырауда мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол да газ бағасының өсіміне әкелді. Тұтынушылардың мұндай қымбат газды сатып ала алмауын ескеріп, кейбір жанармай бекеттері газ тасымалдамаған.

Министрлік газға деген тапшылықты жою үшін газ экспортына тыйым салу керек екенін алға тартты.

«Бізде автокөлікке арналған сұйылтылған газды ел аумағынан шығаруға тыйым салынған. Қазір дәл осындай тыйымды темір жол экспортына енгізуді жоспарлап отырмыз. Бағаның қазіргі деңгейі сақталады деп үміттенеміз. Аз ғана өсім байқалуы мүмкін, бірақ әрі қарай нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты баға бір қалыпқа келеді» деп түсіндірді Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүрекбаев. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар