Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шеру болмайды

cover

Тұрақсыз коронавирустық эпидемияға байланысты Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад болмайды.

Бұл туралы Orda.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Парадтың орнына қандай іс-шаралар өткізілетіні белгісіз. Қорытынды жоспар әлі бекітілмеген.

Қазақстандағы әскери парад екінші жыл қатарынан алынып тасталды. 2020 жылы Жеңістің 75 жылдығын тойлау қарсаңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында тиісті бұйрық берген.

Елде барлық қоғамдық іс-шараларға тыйым салынды.

Еске салсақ, Мәскеуде Жеңіс шеруі 9 мамырда өтеді. Өткен жылы коронавируспен күрестегі шектеулерге байланысты маусымға ауыстырылды. Кремль 2021 жылғы шеруге басқа елдерден қонақтар шақырмайды, өйткені жыл мерейтойлық емес деп мәлімделді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар