Қазақстан Ресеймен жаңа әскери келісімге қол қоймақ
Қазақстан сенатының депутаттары Ресеймен әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Енді екі ел бір-біріне қарсы барлау әрекеттерін жасамауға уәде берді.
Палатаның жалпы отырысында қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов келісімнің мақсаты Қазақстан мен Ресей арасындағы бірнеше бағыттағы әскери ынтымақтастықты жүзеге асыру және дамыту екенін айтты. Келісімге 2020 жылдың 16 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған.
Өз кезегінде Қазақстан мен Ресей арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы әскери ынтымақтастық туралы қолданыстағы келісім күшін жойды.
– Келісімді іске асыру әскери саладағы стратегиялық әріптестік бағдарламасына сәйкес үш жылдық кезеңге жоспарлануда, орындау және мерзімдерін оған әскери ынтымақтастықтың мақсаттары мен міндеттері, әскери ынтымақтастық бағыттары мен олардың нысаны кіреді, – деді Камалетдинов.
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы жаңа әскери келісім не үшін керек?
Қазақстан мен Ресей келесі мәселелер бойынша ынтымақтастыққа келісті:
- тараптардың бірінің өтініші бойынша ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде әскерлерді пайдалануды бірлесіп жоспарлау;
- тараптардың бiрiнiң өтiнiшi болған жағдайда өңiрлiк қауiпсiздiкке төнетiн сын-қатерлер мен қатерлерге бiрлесiп қарсы тұру;
- жедел және жауынгерлік даярлық;
- әскери білім және ғылым;
- терроризмге қарсы тұру;
- бітімгершілік қызметі;
- әскерлердің қызметін және оларды жан-жақты қамтамасыз етуді, олардың аумақтарындағы тараптардың әскери құралымдарының қызметін қамтамасыз етуді;
- екіжақты құқықтық базаны жетілдіру;
- халықаралық ұйымдардың жұмысына тараптардың әскери делегацияларының қатысуы шеңберінде өзара іс-қимыл;
- мемлекеттік құпияларды қорғау;
- мәдениет және спорт.
Сондай-ақ, осы келісім аясында Қазақстан мен Ресей арасында үш жылға арналған әскери саладағы стратегиялық әріптестік бағдарламасы әзірленеді.
Жеке тармақта Ресей мен Қазақстанның әскери барлау саласында ынтымақтасатыны және қарсы тарапқа қарсы бағытталған барлау әрекеттерін жасамауға міндеттенетіні атап өтілген.
Сондай-ақ тараптар өз аумақтарын басқа тарапқа қарсы бағытталған қызметті жүзеге асыру мақсатында үшінші тұлғаның пайдалануына жол бермейтіні белгіленген.
Қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайлар туындаса, Ресей мен Қазақстан бір-біріне көмек көрсетеді. Соның ішінде әскери көмек. Сондай-ақ, бірлескен штабтық келіссөздер мен консультациялар, оқу-жаттығулар, сондай-ақ конференциялар мен семинарлар, әскери қызметкерлерді оқыту жоспарланған.
Парламент қабылдаған заң Қазақстан президентіне қол қоюға жіберілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық