Қазақстан инфляциямен қалай күреседі? – Ерболат Досаев

cover

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев азық-түлік бағасы өсуінің инфляцияға әсері туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

- 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша инфляцияның жеделдеуіне негізгі үлес 11,4% деңгейіне жеткен азық-түлік тауарларының бағасының өсуі болды. Жыл соңына дейін оны 8%-ға дейін төмендету үшін Үкімет пен әкімдер уақытша реттеудің тиімді шаралар қабылдайды, - деді Досаев.

Ол үкіметтің азық-түлік инфляциясын 2022 жылы 6%-ға және 2023-2024 жылдары 5%-ға дейін төмендететін жоспар әзірлегенін қосты.

Еске салсақ, бүгін үкіметтің кезекті отырысында азық-түлік пен азық-түліктік емес тауарларға бағаның өсу тенденциясы талданды.

Ерболат Досаев мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының негізгі бағыттары шикізаттық емес бюджет тапшылығын одан әрі төмендету, тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемін ұлғайту, сондай-ақ азық-түлік тұтынуда импорттың үлесін азайту болып табылатынын баса айтты.

– Ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес артық өтімділікті төмендету бойынша өз өкілеттіктері шеңберінде Ұлттық банк 2025 жылға дейін экономиканы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардан кезең-кезеңмен толықтай шығуға ниетті, - деді ол.

Сонымен қатар, Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін инфляцияға қарсы ақша-несие саясатын жүргізуді жалғастырады. Үкімет инфляцияның монетарлық емес факторларын төмендету бойынша ұсынған шараларды тиімді жүзеге асырған жағдайда, Ұлттық банк баға тұрақтылығына қол жеткізуді ескере отырып, ақша-несие шарттарын жеңілдету туралы шешім қабылдауға дайын екендігін растайды.

Инфляция - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар