«Қазақстан халқына адал қызмет етуге...» Депутаттар ант беріп жатыр

cover

Нұр-Сұлтанда парламент мәжілісінің жалпы отырысында жаңадан сайланған депутаттар ант беріп жатыр.

Олардың ант мәтінінде «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға ант етемін» делінген.

https://youtu.be/oJCQel3SROc
М.Ахметов. Фото: видеоскриншот
М.Мыса. Фото: видеоскриншот
А.Сарым. Фото: видеоскриншот
Е.Саиров Фото: видеоскриншот

Қазақстан парламентінің төменгі палатасы саналатын мәжіліс 10 қаңтар күні өткен сайлаудың нәтижесі бойынша жасақталып отыр. Орталық сайлау комиссиясы шығарған қорытындығы сай, Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеп, 2019 жылы президенттіктен кетсе де әлі де билікке ықпалын жүргізіп отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы мәжілістегі 76 мандатқа, билікшіл «Ақ жол» партиясы 12 мандатқа, «Қазақстан халық партиясы» 10 мандат ие болған. Бұдан бөлек, мәжіліске тоғыз депутат экс-президент Назарбаев өмір бойғы төрағасы саналатын Қазақстан халықтары ассамблеясынан сайланды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар