Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
Фото: Ашық дереккөзден
2026 жылдың сәуір айында Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс салдарынан авиаотынның қымбаттауы әуе тасымалының өзіндік құнының өсуіне, билет бағасының қымбаттауына және қосымша жанармай алымдарының енгізілуіне әкелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жағдай Қазақстанда да әуе билеттері бағасының өсуі мүмкін деген алаңдаушылық туғызып отыр, ал туроператорлар бұрын брондалған турлар үшін қосымша төлем талап ете бастады.
Жазғы маусым жақындаған сайын жанар-жағармай бағасының аспанға ұшатыны туралы қауіп күшейіп тұр. Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты Еуропа авиакеросин тапшылығына тап болды.
Еуропаның бірқатар елдерінде авиациялық отын қоры бар болғаны жарты айға жетеді, содан кейін үнемдеу енгізуге тура келеді, деп ескертті осы саланың мамандары. Егер Ормуз бұғазы таяу апталарда толық ашылмаса, жағдай күрт нашарлауы мүмкін, бұл көптеген елдің жазғы туристік маусымына қауіп төндіреді.
Егер Ормуз бұғазы үш апта ішінде толық ашылмаса, еуропалық әуежайлар авиациялық отынның «жүйелі тапшылығына» тап болуы мүмкін. Financial Times және Corriere della Sera жұма күні хабарлағандай, Еуропа - Халықаралық әуежайлар кеңесі (ACIE) керосин қоры таусылып, әскери белсенділіктің ықпалы жеткізуге айтарлықтай қысым көрсетіп жатқанын айтты.
ACI Europe бас директоры Оливье Янковец 9 сәуірдегі еуропалық комиссарлар Апостолос Цицикостас (көлік) пен Дана Йоргенсенге (энергетика) жолдаған хатында жағдайдың бұрын хабарланғаннан да күрделі екенін және әсіресе осы жаздағы жоғары туристік маусым қарсаңында авиакомпаниялардың жоспарларына қауіп төндіретінін атап өтті.
Ормуз бұғазы арқылы әлемдік авиациялық отын жеткізілімдерінің 40% -ға жуығы өтеді. Corriere della Sera алаңдатарлық жайтты қосты: Еуропаның бірқатар елдерінде керосиннің стратегиялық қоры тек 8-10 күнге ғана есептелген, содан кейін үнеммен жұмсауға тура келеді. Италияда бірнеше әуежай жеткізулердегі іркілістерден кейін амалсыз осындай төтенше шараға көшті.
9 сәуірде еурокомиссарлар Апостолос Цицикостас (көлік) пен Дан Йоргенсенге (энергетика) жолданған хатта ACI Europe бас директоры Оливье Янковец жағдай бұрын айтылғаннан да күрделі екенін және әсіресе алдағы жазғы туристік маусым қарсаңында әуе компанияларының жоспарларына аса үлкен қауіп төндіріп отырғанын атап өтті.
Италияда жеткізілімдердің үзілуіне байланысты бірнеше әуежайда мұндай төтенше шаралар енгізіліп те үлгерді. Жағдайды АҚШ пен Иран арасындағы осы аптада күшіне енген бітімнің әзірге бағаның төмендеуіне әсер етпеуі де ушықтырып отыр. Ормуз бұғазындағы қозғалыс әлі де шектеулі. Парсы шығанағында шамамен 170 миллион баррель мұнай бұғатталған күйде қалып отыр.
Бейсенбі күні авиациялық отын бағасы тоннасына шамамен 1573 доллар деңгейінде болды, бұл қақтығысқа дейінгі көрсеткіштен екі есе жоғары және Еуропа экономикасына айтарлықтай соққы беруі мүмкін.
Янковецтің айтуынша, авиациялық отын тапшылығы салдарынан көлік байланысының қысқаруы Еуропа экономикасына елеулі зиян келтіріп, мұнай бағасының өсуінен туындаған макроэкономикалық салдарды одан әрі күшейтеді.
ACI Europe Еуропалық комиссияны шұғыл шараларды қарастыруға шақырды, оның ішінде ЕО деңгейінде авиациялық отынды бірлесіп сатып алу мүмкіндігі, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарына басқа өнімдерге қарағанда авиациялық отын өндірісін басым ету жөнінде мақсатты міндеттемелер енгізу бар.
Сондай-ақ қауымдастық алдағы алты айға арналған отын өндірісі мен қолжетімділігіне жедел бағалау жүргізуді талап етті, өйткені қазіргі уақытта орталықтандырылған мониторинг жоқ.
Шығындардың өсуі әуе тасымалдаушыларын қызметтерін қысқартуға мәжбүрлеуде: Financial Times мәліметінше, LOT Polish Airlines пен Air New Zealand сияқты компаниялар табысы төмен рейстерді тоқтатып, билет бағаларын көтеріп жатыр.
Corriere della Sera атап өткендей, көлік байланысының қысқаруы ЕО елдерінің көпшілігі тәуелді болып отырған туризм саласына да ауыр соққы болмақ.
Ал Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы бұл жағдайды тарихтағы ең өткір энергетикалық дағдарыстардың бірі деп атап, оның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне де елеулі әсер ететінін мәлімдеді.
Авиаотынның қымбаттауының негізгі салдары ретінде әуе компанияларының операциялық шығындары артты, соның нәтижесінде олар шығындарды оңтайландыру үшін рейстер санын қысқартуға мәжбүр. Туристер бұрын брондалған, бірақ әлі толық төленбеген турлар үшін қосымша ақы төлеу қажеттігі туралы хабарламалар алуда.
Сарапшылар билет бағасының алдағы уақытта да өсуі мүмкін екенін болжайды. Сонымен қатар, авиакеросин бағасының күрт өсуі тек аймақта ғана емес, Еуропада да байқалып, рекордтық деңгейге жеткен.
Еске салсақ, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы әскери қақтығысы басталғаннан кейін Brent маркалы мұнай бағасы 50 пайыздан астам өсіп, барреліне шамамен 70 доллардан 110 -2000 доллардан жоғары деңгейге дейін көтерілді. Қақтығыс барысында Иран мен Парсы шығанағы елдеріндегі мұнай қоймалары, мұнай және газ өңдеу зауыттары, танкерлер мен басқа да ірі нысандарға шабуыл жасалды.
Бұл жағдай Парсы шығанағы елдеріне бағытталған әуе рейстерінің тоқтатылуына және сол жақтан (әсіресе Біріккен Араб Әмірліктерінен) қазақстандықтар мен өзге ел азаматтарын шұғыл эвакуациялауға себеп болды. Сонымен қатар, жанармай бағасының өсуі, Қытай және басқа да елдер тарапынан мұнай өнімдері экспортының шектелуі байқалды, өйткені олар Иран мен Таяу Шығыс елдерінен мұнай импорттауға тәуелді болған.
Қазақстандағы жағдай қалай?
Авиация саласының сарапшысы Әбіл Кекілбаев Таяу Шығыстағы қазіргі қақтығыс әуе сапарларының құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін ескертеді. Негізгі фактор - авиаотын бағасының өсуі, ол билеттің өзіндік құнының 35-40% -ы болады.
Егер мұнай бір баррель үшін $65-тен $90-ға дейін қымбаттаса (өсім 38%), тасымалдың өзіндік құны шамамен 13-15% -ға артады. Авиакомпаниялар шығындарының бір бөлігін тиімділікті арттыру есебінен өтейді, қалғандарын тарифтер мен отын алымдарына салады. Билеттің қорытынды бағасы да бәсекелестікке, рейстердің жүктелуіне және валюта бағамына байланысты.
Сарапшының айтуынша, бағаның нақты өзгеруі хеджирлеу мен нарықтық жағдайға байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Бұған дейін Air Astana компаниясы авиаотынның әуе билеті құнының шамамен үштен бір бөлігін құрайтынын хабарлаған болатын. Сондықтан шикі мұнай бағасының өсуіне байланысты авиаотын қымбаттаса, туристер жоспарлағанынан да көп қаражат жұмсауға мәжбүр болады.
Әбіл Кекілбаев әлемдік баға конъюнктурасы Қазақстанға да кері әсерін тигізуі мүмкін деп есептейді.
«Бағаның өсуі жағдайында көптеген авиакомпаниялар тарифтерді қайта қарап, уақытша отын алымдарын енгізіп, бағдарламаларды кеңейтуді абайлап жоспарлай бастады. Алдағы мамыр мерекелерін, жүк авиациясының қалпына келуі мен МӨЗ мүмкіндіктерінің шектелуін ескере отырып, отандық авиация нарығына қысым алдағы апталарда күшейе түседі», - деп болжайды ол.
Әбіл Кекілбаев түсіндіріп өткендей, қазір қазақстандық әуежайларда отандық отын пайдаланылады, ол 1000-1050 доллардан «қанатқа» құйылады, алайда отандық МӨЗ-дерді жөндеуге тоқтату перспективасын ескерсек ол жете ме? Сондай-ақ демалыс маусымына және жүк тасымалын дамытуға байланысты әуе қатынасының кеңеюі - үлкен мәселе.
Факторлар, маусымдық сұраныс, МӨЗ жөндеу және қымбат импорт сәйкес келсе, нарық тез арада тапшылық режиміне өтуі мүмкін.
«Сонда бізге авиаотынды импорттауға тура келеді. Егер авиабилет шығынындағы отын үлесі шамамен 35% болса, онда жанармайдың екі есе қымбаттауы авиакомпанияның шығынын шамамен 30-40% -ға арттырады» деп есептейді ол.
Қазіргі уақытта ICE биржасында 26 мамырға жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 112,58 доллар деңгейінде саудаланып жатыр (+0,348%). Қақтығыс кезінде мұнай бағасы екі рет 119 доллардан асқан, бірақ кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазы арқылы танкерлердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету туралы уәдесінен және дамыған елдердің мұнай қорларын нарыққа шығару ниетінен кейін біршама төмендеген.
Ормуз бұғазы арқылы өтуді Иран бақылайды. Ел бұл аймақты миналап, дұшпан елдердің танкерлеріне дрондар мен экипажсыз катерлер арқылы шабуыл жасағаны хабарланған. Сонымен қатар, соңғы мәліметтерге сәйкес, Иран әр танкерден бұғаз арқылы өту үшін шамамен 2 млн доллар төлем ала бастаған.
Petro-Logistics компаниясының дерегінше, соғыс басталғаннан кейін мұнай мен конденсат жеткізу көлемі тәулігіне шамамен 12 млн баррельге қысқарған, бұл әлемдік сұраныстың шамамен 12 пайызына тең. Бұл көрсеткіш өндіруші елдердегі өндірістің төмендеуі мен экспорттың шектелуіне байланысты қалыптасқан.
Бағалар динамикасына келсек, ақпан айының соңында қазақстандық туроператорлар Алматыдан Данангқа сегіз күндік турларды екі адамға шамамен 891 мың теңгеден ұсынса, 20 наурызда осы бағыттағы ұқсас турлар 688–763 мың теңге аралығында болған.
Ал соңғы ұсыныстар бойынша Нячангқа турлар 1,16 млн теңгеден басталады, бұл бұрынғы бағалармен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс бар екенін көрсетеді.
Қазақстанның энергетика министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Таяу Шығыстағы қақтығыс ел ішіндегі авиаотын бағасына тікелей әсер етпейді деп мәлімдеді және отандық авиакеросин бағасының өсуі күтілмейтінін атап өтті.
Дегенмен, авиаотын нарығы мемлекет тарапынан реттелмейтінін және Ресейден импортталатын жанармай көлемі көрші елдің ішкі саясатына тәуелді екенін ескертті.
Бұған қоса, Қазақстанда жылына 600–650 мың тонна авиаотын өндірілсе, қажеттілік 1 млн тоннадан асады, яғни тапшылық кемінде 350 мың тонна болады.
Министрлік мәліметінше, жанар-жағармай бағасына мұнайдың өзіндік құны, өңдеу шығындары, логистика, сақтау, салықтар және басқа да факторлар әсер етеді. Жалпы алғанда, қазіргі жағдай бақылауда болғанымен, әлемдік нарықтағы жоғары бағалар әуе сапарларының түпкілікті құнына тікелей ықпал етуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр