Ауыр диагноз қойылған қазақстандық азаматты әскер қатарына алып кетті
Даниярдың қолында басының маңдай бөлігінде киста барын растайтын құжаттары бар. Соған қарамастан әскерге алып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Tobolinfo.kz мәліметінше басына ота жасату үшін кезекте тұрған. Жоспар бойынша отаны күзде жасату керек еді, квотаның жоқтығынан ол келесі жылды тосуға мәжбүр болыпты.
«Облыстық медициналық комиссия ұлымның құжаттарын көрген соң үйге қайтарып жібереді деп ойлаған едім, ал олар оны бірден әскер қатарына алыпты! Оны осыған дейін әскерге жарамсыз деп таныған. Бұл жолы қалайша жарамды боп тұр?», - деді, Даниярдың анасы Олеся Евменова.
Анасының айтуынша, жаз айларында ұлының мұрнынан жиі қан ағып, талып қала берген.
«Әскер қатарында ауыр физикалық жаттығулар мен белсенді қимыл оның денсаулығын нашарлатады. Ұлымның өмірі үшін қатты қорқамын!», - деді Олеся.
Жас сарбаздың анасы Қорғаныс департаментіне және прокуратураға жүгінген, бірақ ешқандай әрекет болмаған. Тіпті Тараз қаласындағы ұлы борышын өтеп жатқан әскери бөлімге баруға ақшасы болмай отыр. Ол төрт бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана. Қорғаныс департаментінің мәліметінше, Даниярды қосымша тексеріске терапевтке жібергеннен кейін, ол кішігірім шектеулермен қызмет етуге жарамды деп танылған.
«Өзімен бірге барлық медициналық жазбалар мен анықтамалық қағаздары бола тұра, ауыр диагноз қойылған ұлымды қалай әскерге жіберіп отыр? Қолындағы бір қағазға да көз жүгіртпегендері көрініп тұр!» - деді, сарбаздың анасы ашуланып.
Еске салар болсақ, Алматы қаласындағы 61993 әскери бөліміне аттанған Темірғали Данияр екі айдан кейін жындыханаға түсті. Өз еркімен әскерге кеткен Данияр екі аптадан соң қысым көргенін ата-анасына айтқан. Сарбаздың анасы Сыражанова Салтанат Orda.kz редакцияcына сұхбат берді.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады