Ауруханада мерзімі өтіп кеткен анестезия қолданды

cover Фото: Pexels

Абай облысында денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заңнамалық бұзушылықтарды анықтады.

Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.

«Дәрілік заттарды дұрыс сақтамау, есірткі заттары бар ампулаларды уақтылы бұзбау және дәрі-дәрмектің дұрыс жазылмауы анықталды. Сонымен қатар, науқастарға ота жасау кезінде мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезиясын қолдану фактілері анықталды» делінген хабарламада.

Медициналық мекеменің 12 лауазымды тұлғасы ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша тәртіптік жазаға тартылып, әкімшілік айыппұлдар салынды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар