Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді

cover

Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде де сезілді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

«11 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 15:20:32-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан» делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,6. Магнитудасы MPV 6.4.

Шымкент пен Жамбылда жер сілкінісі 2 баллдан сезілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар