Әуесқой альпинист Жәмила Баширова ең қауіпті шыңға шығып, көк туды желбіретті
Фото: Жәмила Башированың парақшасынан
Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев өзінің инстаграмдағы парақшасында осы өңірдің тумасы, жерлестері Жәмила Башированың тарихи жетістікке жетіп, тағы бір шыңды бағындырғанын мақтанышпен жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол Гималай тауында орналасқан әлемнің ең қауіпті әрі құпияға толы шыңдарының бірі – Манаслуға (8 163 м) табандылықпен көтеріліп, шыңның төбесінде Қазақстан туын желбіретті. Бұл әлем бойынша биіктігі жағынан сегізінші орында тұрған тау.
«Жәмила 1980 жылы ауданымыздың Большая-Владимировка ауылында дүниеге келген. Бүгінде Алматы қаласында тұрып, сүт өнеркәсібінде еңбек етуде. Бар-жоғы үш жылдың ішінде ол Эльбрус, Аконкагуа, Ленин шыңы, Лобуче, Эверест секілді әйгілі шыңдарды бағындырды. Биыл Антарктиданың ең биік нүктесі – Винсон массивіне де көтерілді» деп жазады әкім.
Жәмиланың айтуынша, Манаслу тіпті Эвересттен де ауыр сынақ болған. Соған қарамастан, ол табандылық танытып, арманына жетті.
«Бесқарағай елінің қайсар қызының үлкен жетістігі – жас ұрпақ үшін ерекше үлгі. Жәмила Башироваға жаңа белестер тілей отырып, әлемдік «7 шың» жобасын толық аяқтауда сәттілік тілейміз!» деп жазды автор.
Манаслу – ең қиын сегіз мыңдық шыңдардың бірі болып саналады. Ондағы көшкін қаупі бар баурайлар өте көп, оның үстіне оттегінің жетіспеушілігі де бар. Бұл шыңды бағындыру үлкен дайындық пен жоғары төзімділікті талап ететініні сөзсіз.
Жәмиланың жеңісі туралы taunewskz парақшасында да ақпарат пайда болды.
Ол өзін әуесқойлар санатына жатқызғанына қарамастан, қысқа мерзім ішінде өз есімін тарих парағына жазып үлгерді. Әлемнің ең биік тауы - Эвересті (8848 м), Еуропаның ең биік нүктесі - Эльбрусты (5642 м), Оңтүстік Американың «тәжі» саналатын - Аконкагуаны (6962 м) бағындырды, сондай-ақ Қырғызстандағы Ленин шыңы (7134 м) мен Непалдағы Лобуч шыңдарына (6119 м) да шықты.
Былтыр 12 мамырда Kazakh Everest Team құрамында Анар Борашева мен Мақсұт Жұмаев әлемдегі ең биік шың – Эверест шыңын (8848 м) бағындырды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды