Әуе кемесіне лазер мен дрон қолданғандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: freepik.com
Бас прокуратура лазер немесе дрон қолдану арқылы ұшақтың ұшуына кедергі келтіргендер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Лазерлік құрылғыларды қолдану салдарынан ұшқыштар уақытша көру қабілетінен айырылып, бұл әуе апатына әкелуі ықтимал.
Қазақстанның авиациялық қызметтерінің мәліметінше, соңғы алты жыл ішінде жолаушылар лайнерлеріне қатысты осындай 98 оқиға тіркелген. Ең көп фактілер Алматы халықаралық әуежайында болған.
Бұған дейін заңнамада мұндай әрекеттер үшін арнайы жауапкершілік қарастырылмаған болатын. 16 шілдеде қабылданған заңға сәйкес Қылмыстық кодекске жаңа 352-1-бап енгізілді. Ол лазерлік құрылғыларды немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, әуе кемесін басқаруға кедергі келтіруге қатысты қылмыстық жауаптылықты белгілейді.
Жаза қылмыстың ауырлығына қарай айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін тағайындалуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты