Әуе апатынан қаза тапқандардың несиелері өтелді

cover

2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында болған әуе апатынан қаза тапқандардың несиелері жабылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Media.Az мәліметінше, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының әуе апаты кезінде қаза болған экипаж бен жолаушыларының несиелік міндеттемелері есептен шығарылды. Бұл туралы «Әзірбайжан банктер қауымдастығы»  және «Әзірбайжан микроқаржыландыру қауымдастығы»  бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

«Осы қайғылы оқиғаға байланысты, Әзірбайжан Республикасы Орталық банкінің ұсынысы және АБА мен АМФА бастамасымен, барлық қаза тапқан азаматтардың банктер мен банк емес кредиттік ұйымдар алдындағы кредиттік міндеттемелері тиісті ұйымдардың қаражаты есебінен толықтай жойылды. Әзірбайжанның банк және банк емес кредиттік ұйымдары атынан, ел халқымен және мемлекет басшылығымен барлық сынақтарда бірге болған ұйымдар қаза болғандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтады және зардап шеккендерге тез арада сауығып кетуді тілейді» деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар