Атыраудағы бассейнде ажал құшқан қыздың өлімінің мән-жайы анықталды
Фото: Orda.kz
Атырауда бассейнге батып кеткен 10 жасар қыздың отбасы спорт кешені қызметкерлерін кешірді.
Orda.kz тілшісі қайғылы оқиғадан кейін қызметкерлер жұмысын жалғастырғанымен, бассейн белгісіз мерзімге жабылғанын хабарлайды. Сонымен қатар, «Атырау» футбол клубының жас футболшылары стадионда жаттығуды жалғастырады.
Орталық бассейн директорының орынбасары Ернұр Қойлиев қайғылы оқиғаның 10 секундта болғанын, үлкендердің қарауынсыз бассейнге кетіп қалған қыз кенеттен тақтайшаны жіберіп, есеңгіреп қалғанын айтты.
«Біздің бассейнде мұндай қайғылы оқиға бірінші рет болып отыр. Сол күні төрт адам келді. Олардың барлығы туыстар. Ер адам душқа кірді, ал қыз бассейнде қалды. Бассейн сыртында тағы бір бала мен әпкесі болған. Бір кезде ол тақтайшаны босатып жіберіп, есеңгіреп қалған шығар, өйткені бірнеше секунд ішінде оның жақ сүйегі қатып қалды», – деді ол.
Қайғылы оқиға кезінде бассейнде құтқарушылар болған, бірақ жас келушілермен бірге ілесіп жүрген ересек адамдар болса олар жай ғана көзбен шолып, балаларды бақыламайды.
«Оның жақ сүйегі қатып қалғандықтан, алғашқы көмек көрсету қиын болды. Құтқарушылар қызды дереу фельдшерлік пунктке жеткізіп, жедел жәрдем шақырды, бірақ дәрігерлер қыздың қайтыс болғанын айтты», – деді бассейн директорының орынбасары.
Сот-медициналық сараптамасы қорытындысына сәйкес, қыздың өкпесінде су табылмаған, оның өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болды.
«Біз қаза тапқан қыздың үйінде болдық. Біз кешірім сұрадық, олар бізді кешірді. Біз барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Қатты қынжылдық, қазір бассейн жабылды. Тергеумен бірге жұмыс істеп жатырмыз», – деді Ернұр Қойлиев.
Бассейнде 1200-ден астам бала болды. Барлық жазылымдар қазір тоқтатылды. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр