Атырауда оқушы балтамен сыныптасын мектеп дәлізінде қуалаған бейнежазба тарады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Атырау облысы Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үзіліс кезінде басқа бір оқушыны қудалаған, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан бір оқушы мектеп дәлізімен қашып, жасырынуға тырысқанын, ал екінші жасөспірім қолында балта ұстап, оны іздеп жүргенін көруге болады. Сонымен қатар видеода оның басқа оқушыларға шабуылдағаны байқалмайды.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен жанжалдың себептері ресми түрде түсіндірілген жоқ.
Редакция Атырау облыстық полиция департаментіне және өңірлік білім басқармасына жағдайға қатысты түсініктеме беру, қабылданған шаралар мен оқу орнындағы қауіпсіздік деңгейі туралы ақпарат ұсыну жөнінде сұрау жолдады.
Полиция депортаментінің мәліметінше оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.
«Оқиғаға қатысушылардың барлығы, сондай-ақ олардың ата-аналары полицияға жеткізілді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне қойылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды. Ата-аналарға кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады полиция департаменті.
Оқи отырыңыз:
- Ақтөбеде өгей атасынан жүкті болған қыздың ісі бойынша сот шешімі шықты
- Алматы облысында 13 жастағы қызға жасалған азғындық: Істің жай-жапсары
- Кентауда екі өгей қызын жылдар бойы зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес