Атырауда мереке кезінде 80-ге жуық бала ата-анасынан көз жазып қалды

cover Фото: Бейнеден кадр

Атырауда Исатай-Махамбет алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полицияның мәліметінше, барлық бала жедел түрде табылып, ата-анасына табысталған. Олардың басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталыпты. 

«Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді. Көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды. Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды», деп хабарлады ІІМ. 

Осындай жағдайларға байланысты полиция ата-аналарға адамдар көп жиналатын орындарда балаларға мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды өтінді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар