Атырауда безбүйрек ана өз балаларын ақшаға сатып жіберген

cover Фото: Ашық дереккөзден

Атыраулық әйел өзінің туған сәбиін сатып жіберген, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Атырау облысында әйел өзінің балаларына жүкті болған сәтте-ақ материалдық жағдайы үшін сәбилерін саудалаған.

Ол өз баласын дүниеге әкелмей тұрып бір отбасымен келіскен, босанғаннан кейін ол өзінің туған баласын сатып жіберген.

Ал кейінгі жүктілігінде ол ақшаны алаяқ жолмен табуға әрекет жасаған. Екі отбасыға жаңа нәрестені сатуға уәде етіп, ақшасын алғаннан кейін ізін суытқан.

Алданған отбасы әйелге 2,3 млн теңге төлеген, ал алаяқ әйел басқа отбасымен келісіп, соларға өз баласын беріп кеткен.

Сот үкімі бойынша баласын сатқан және алаяқтықпен айналысқаны үшін әйел 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал баланы сатып алған отбасы мүшелері 3 жылға сотталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар