Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Атырауда жаяу жүргіншілер өтетін жолақтан 2-сынып оқушысын минивэн көлігі қағып өлтірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға таңғы сағат 7:45-те болған. Toyota Hiace тізгіндеген жүргізуші жаяу өткіншілер жолағында сегіз жастағы қызды қағып кеткен.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы қыз жолды жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өткен. Жарақат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын жазды. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты азайтуға және әсіресе жаяу жүргіншілер өткеліне жақын жерде барынша мұқият болуға шақырды.

Оқи отырыңыз:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар