Атырау облысындағы белгісіз нысанның құлау фактісін ведомствоаралық комиссия зерттейді
Фото: куәгерлер түсірген бейненің скриншоты
Атырау облысының Ресей шекарасына жақын маңда қозғалтқыштары бар белгісіз нысанның құлауына байланысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қоныртерек ауылы тұрғындарының айтуынша, нысан далаға құлап, арты күйіп кеткен шеңбер тәрізді із қалдырған. Куәгерлер алғашында түтін көргендерін, кейіннен техникалық құрылғы бөлшектеріне ұқсайтын металл сынықтарын байқағандарын айтты.
«Сол күні ауылға полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары және әкімдік өкілдері келді. Ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ, әрине, қатты қорықтық. Біздің аймақта Азғыр полигоны бар ғой, көпшілік бұл зат ауылдың маңына емес, сол жаққа құлауы тиіс еді деп ойлады» , — деді ауыл тұрғындарының бірі.
Қазіргі уақытта кешенді тексеріс жүргізіліп жатыр. Мамандар құлаған нысанның бөлшектерін зерттеп, оның шығу тегін анықтауға тырысуда.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов оқиға орнында ведомствоаралық комиссия жұмысын жалғастырып жатқанын растады.
Қазақстан фермерлер ақбөкендерді апатқа себепкер деп санайды: Экология министрлігі олардың саны реттелетінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты