Атырау облысында ауылға су кірді

cover Фото: Orda

Атырау облысында Индербор ауылына су кірді.

Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, Жайық өзенінің суы бөгетті жарып, ауылға кіріп кеткен, арнайы техника жетіспей жатыр.

Алайда, Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов су ескі құбырларды жарып кеткен, сондықтан ешқандай қауіп жоқ дейді. Бірақ тұрғындар өз үйлері мен ауылын сақтап қалу үшін  белсенді түрде техника іздеуде.

«Біз қосымша бөгет салып жатырмыз. Атыраудан техника күтеміз»,- деді аудан әкімі.

Тұрғындар судың ескі құбырды жарып кеткеніне сенбейді. Облыс әкімдігі соңғы минутқа дейін қауіп жоқ деп хабарлаған Құлсары қаласының жағдайы қайталанады деп қауіптенеді.

Orda.kz тілшісі Атырау облысы әкімдігі мен төтенше жағдайларды жою штабынан ақпарат алуға тырысқанымен, нәтиже болмады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар