Атырау қалалық балалар ауруханасында балалар өлімі азаяр емес
Фото: Ашық дереккөзден
Бұған дейін онға жуық бала өлімі тіркелген Атырау балалар ауруханасында өлім саны азаяр емес.
«Қызым Серік Айша Қанатқызы 3 қаңтар күні оң аяғын күйік шалып, Атырау облыстық балалар ауруханасына түсті. Жедел жәрдем бөлмесінде Руслан Маратұлы есімді дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсетті, оның айтуынша, күйік 6 пайызды құраған. Онда менің қызым ПТР тестін тапсырып, әйелім екеуміз ауруханаға жатқызу үшін екі сағаттай уақыт өткіздік. ПТР сынамасы теріс шықты, әйелім мен қызым №3 травматология бөліміне жатқызылды. Қызым №3 бөлмеде екі күн болды. 5 ақпанда әйелім мен қызыма күйік алғандардың сол жерде жатқанын айтып, №4 палатаға ауыстырылған. Қызымда бәрі жақсы болды, біз бейне қоңырау және телефон арқылы хабарласып тұрдық. 6 қаңтар күні таңертең реаниматолог Ержан Өміржанұлы қызымды жансақтау бөліміне жеткізді» деді Атырау облысының тұрғыны Қанат Жұмаділов ҚазТАГ тілшісіне.
Оның айтуынша, дәрігерлер өз әрекеттерін қызда «пневмония» және «ентігу» болғанымен түсіндірген.
«Қызыма күніне сегіз система салатын. Менің қызым осы барлық дәрілердің әсеріне шыдай алмай анафилактикалық шокқа түсті. Олар анафилактикалық шок пен пневмонияны шатастырып, жансақтау бөліміне жатқызды. Сол жерде оған ұйықтататын дәрілер енгізді. Неге бұл препараттарды егеді деген сұраққа олар қыздың миы демалуы керек, шаршамауы керек, ұйықтау керек деп жауап берді. Аппаратты жұлып алмас үшін қол-аяғын байлап тастаған. Мен осы реаниматолог Ержан Өміржанұлынан: «Қызым системалардан құсқанда, сіз оған оны егуге тыйым салдыңыз ба?» деп сұрадым. Ол өзінің міндеті екенін растап, оң жауап берді. Бірақ шын мәнінде олар дәрі егуді тоқтатпағандары белгілі болды» дейді марқұм қыздың әкесі.
Бір күнде сегіз система салды
Ол 5 қаңтарда балаға сол кезде алған системамен бірге тағы бір дәрі берілгенін айтты.
«Әйелім қандай система екенін сұрағанда, ол құсуды басатын дәрі екенін айтты. Жалпы, қызыма қосымша системалар мен препараттар егілді. Менің қызым дәрінің көптігіне шыдай алмай, қайғылы оқиға орын алды. Бұл кісілер өз жұмыстарына жауап бергісі келмейді. Бізден қашады. Келсек, «не деген адамдар, ылғи келіп қызының жағдайын сұрайды!» деп жақтырмайды. Мен қызым үшін жылап отырмын. Ол – менің бауыр етім, балам. Қызымнан айрылғаныма солар кінәлі. Олар қызыма дұрыс күтім көрсетпеді. Біздің қызымыз ғана емес, тағы бірнеше ата-ана зардап шекті. Біз олардың жауапқа тартылуын талап етеміз» деді Жұмаділов.
Расында басқа ата-аналарда осындай жағдай туралы хабарлады.
«Медицина дәрменсіз болатын жағдайлар бар. Мұны есте сақтау керек. Мен қателіктер жіберілді деп ойламаймын. Осы адамдардың барлығына көмек көрсетілді. Қазір тиісті комиссия жұмыс жүргізіп, қорытындысын жариялайды» дейді Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрғабыл Айтмұхамбетов.
Айта кетсек, бұл медициналық мекемеде 2019 жылы 56, 2020 жылы 36, 2021 жылы 48, 2022 жылдың басынан бері төрт бала қайтыс болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық