«Аттың жалына байлап сүйреген»: Жетiсуда әкімдікке үміткер болған ер адам әйелін азаптап өлтірді
Фото: ашық дереккөзден
Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованы күйеуі жантүршігерлік жағдайда азаптап өлтірді. Қайғылы оқиға 22 маусымда Ақсу ауданы Баласаз ауылында болған, деп хабарлайды Orda.kz.
32 жастағы марқұмның туыстары қаралы қазаға күйеубаласы Жанболат Айбарды кінәлап отыр. Туыстары әйелді күйеуі арқанмен аттың жалына байлап, сүйреген деген болжам айтып отыр. Ер адам әйелін бірнеше сағат бойы ұрып-соққан. Кейін ауруханаға өзі алып барған. Айзат Жұманова түнгі сағат 2:30 шамасында ауыр халде Талдықорғандағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Бірақ келіншек оған дейін көз жұмған екен. Әйелге дәрігерлер ми жарақаты, ісіну, жамбас сүйектері, аяқ-қолы, бас сүйегі сынды деген диагноз қойған. Ер адам ауруханадағыларға әйелін «2-ші қабаттан құлап кетті» деп айтқан.
Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, желіде ер адамның Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімі сайлауына үміткер болғаны туралы ақпарат тарады.
Еске салайық, 15 шілде күні Қостанай облысында ер адам әйелі мен енесін өлтіріп кеткен еді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды