«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов алаяқтық жасағаны үшін бес жылға сотталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі соты Мырзахметовке қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы) бойынша айыптау бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Бұрынғы шенеуніктің 2022 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін Боранбаевтар отбасынан 13,9 миллиард теңге алып, ақшалай сыйақыға миллионер Қайрат Боранбаевты қамаудан босату және сотқа дейінгі өндірісті тоқтату мәселесін шешуге болады деп уәде беріп жүргені анықталды. Ақша несиелік келісім ретінде ресімдеген.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, әділ жаза беруін сұрады. Сот мұны жеңілдететін мән-жай, сондай-ақ шын жүректен өкіну және қылмыс нәтижесінде алынған мүлікті тергеу мен іздеуге көмектесу деп санады. Мемлекет пайдасына 5,8 млрд теңге тәркіленді.

Сот сотталушыны мемлекеттік наградаларынан айыруды ұсынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар