«Асылып өлді дегенге сенбеңіздер»: Алматыда Думан Мұхаммедкәрімнің хаты оқылды
Коллаж: Orda.kz
Журналист Думан Мұхаммедкәрімнің Қызылордада отырғанына 10 ай болды. Құқық қорғаушылар Қызылордаға барып Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайын білді. Бүгін жақтастары арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, Мұхаммедкәрімнің жазған хатын оқыды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» деген айыптар тағылған Думан Мұхаммедкәрім 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Әбіләзовтен сұхбат алғаннан кейін журналистке осындай айып тағылды. Думан Мұхаммедкәрім бұған дейін де бүйрегі, бауыры, қуығы және белінің қатты ауыратыны және денсаулығы нашарлай бастағанын айтып, өзін қатаң ұстайтын, бірақ үй жағдайы бар камераға ауыстыруды сұраған еді.
Осы жолы өз хатында Қызылордада отырғанда қысым күннен-күнге күшейгені туралы айтты. Бүгінгі күні белсендінің жазған хаттары мен арыздары мекемеден шығарылмай отыр. Ол Қызылордадан Алматы қаласына көшіруді талап етеді. Әкесі Алмас Тілепов ұлының хатын оқып шықты.
«Заңға сәйкес Алматы маңына ауыстыруды талап етемін. Өйткені, маған қарсы ұйымдасқан жүйелі қысым байқалады. Алтыншы қыркүйек атылған оқ, мені балағаттаған, шыққан тегіме тіл тигізген Фархат Сейтімовке қатысты және жазған шағымдарымның мекемеден шықпауына байланысты, қапас, дәліздердегі бейнематериалдар зерттелсін» деп жазды Думан Мұхаммедкәрім.
Сондай-ақ ол журналистің 29 тамыздан бері наразылық белгісі ретінде аштық жариялап отырғанын атап өтті. Саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы мен құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова адвокат Ғалым Нұрпейісовпен бірге Қызылордаға барған. Алайда Думан Мұхаммедкәріммен кездесе алмаған. Олар Думаннан аштықты тоқтатуды өтінгенін айтты. Дүйсенбі күні Мұхаммедкәрім аштығын тоқтатты.

«Осы күнде хат жазу түгілі, кітап оқуға күйім жоқ. 29 тамыз – тоталитарлық конституция күніне қарсы жариялаған аштығым әлі тоқтаған жоқ. Содан бері 12 келі салмақ тастаппын. Тәуелсіздіктің 34 жылдығына дейін шыдасам, салмағым, бәлкім, сол 34 келіге дейін барып қалар» деп жазды Думан Мұхаммедкәрім.
Адвокат Ғалым Нұрпейісов қорғауындағы Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайын «өте ауыр» деп бағалап, оны көрген кезде шошығанын баяндады. Аштық басталар алдында оның салмағы 69 келі болса, қазір 57 келіге дейін төмендеген.
«90 келі болған, энергиясы көп болуы тиіс жас адам қазір 57 келі ғана. Бетін әжім басқан, мойнының терісі 80-90 жастағы қарт адамның терісі сияқты салбырап кеткен. Өте арық. Бұған стресс, аштық, қысым әсер еткені сөзсіз», – деді адвокат
Думан Мұхаммедкәрім Алматыға ауыстыру туралы айтып, хатында алда-жалда асылып өлді деген дерек шықса, сенбеуді сұрайды.
«Мен, әрине, «өлім жазасына кесілген адам» екенімді түсіндім. Алматыда болсам да, ажал қуып жетеді. Дегенмен, үйіме жақын өлуге мұрсат беріңіздер. Билікте отырған маған жанашырлардың назарына, егер мені Алматы маңына ауыстырмай жатып, аяқ астынан Қызылорда түрмесінде өліп кетсем, «асылып өлді немесе тілініп өлді» дегендерге сенбеңіздер. Мен әділеттік жолындағы күресімді жалғастыру үшін өмір сүргім келеді» деген Думан Мұхаммедкәрім хатында.
Құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова Мұхаммедкәрімді кешіктірмей кешенді медициналық көмек алу үшін стационарға жатқызуды талап етті.
«Қазіргі кезде оның толық көлемде қажетті ем алып отырғанын айту қиын. Бақытжан Төреғожина денсаулық сақтау министріне Әлназароваға жедел хат жолдады. Бұған дейін дәрігерлік-консультациялық комиссия оны стационарлық емге жіберу туралы шешім қабылдаған еді. Алайда соған қарамастан, Қызылорданың қалалық ауруханасында палата бос емес деген сылтаумен Думанды апару туралы шешімен бас тартты. Сондай-ақ амбулаториялық емді Думан мекеменің №60 санитарлық бөлімінде емес, карцерде алды. Укол салғанның өзінде терісі қатып қалды, ине батпайды?» – деді құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова
Сондай-ақ, Мұхаммедкәрімнің қорғаушылары ҚАЖК қорытындысымен келіспейтінін жеткізді.
Айта кетейік, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі Думан Мұхаммедкәрім дәрігерлердің бақылауында екенін мәлімдеді. Сонымен қатар комитет Думан Мұхаммедкәрімнің камерасына тасталған белгісіз затқа байласты қызметтік тергеу жүргізілгенін, алайда бұл факт расталмағанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ