Астанаға аяз бет алды: құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
Синоптиктер елордада ауа температурасы күрт төмендеп, −25–27 °C-қа дейін жететінін болжауда.
22 желтоқсанға қараған түні Астанада ауа температурасы −25–27 °C аязға дейін төмендейді. Осыған байланысты құтқарушылар астаналықтарға үндеу жасап, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын еске салды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды, дауылды ескертулерді мұқият қадағалауды және мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуды ұсынады.
Дауылды ескертулер, ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автомобиль жолдарының жабылуы туралы ақпаратты SMS-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы бақылап отыруға кеңес берілді.
Сонымен қатар құтқарушылар қыс мезгілінде мұздың әлі толық қатып үлгермегенін ескертіп, мұз үстіне шығудың қауіпті екеніне назарын аударып, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Сондай-ақ жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар.
Ең қызығы Сауд Арабия сахарасына да атап айтқанда елдің бірнеше өңірлерінде - солтүстік-батыста және елдің орталығында, оның ішінде таулы аймақ пен тіпті шөлді жерлерге де қар жауды.
Жаңалықтар
- «Қайрат» командасы Mundo do Futsal Experience-2025 жоғары марапатын алды
- ҰҚК радиоактивті уран сатпақ болғандарды ұстады
- Оңтүстік Африкадағы атыстан тоғыз адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды
- Астанаға аяз бет алды: құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
- Қазақстан құрамасын басқарған жаттықтырушы енді «Жеңіс» футболшыларын баптайды
- Қазақ өнерінің нарқасқасы Асанәлі Әшімов өмірден өтті
- МӘМС «санға» көшеді: денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгеріс
- Сауд Арабия сахарасын қар басып, жұрты сасып жатыр
- Канадалық компания Қазақстанмен уран үшін тағы да соттасып жатыр
- «Ресейдің Еуропаны басып алатын шамасы жоқ»: АҚШ барлауының басшысы
- Маск тарихтағы 700 миллиард доллар байлығы бар алғашқы адам
- Қар жауып, тұман түседі: 21 желтоқсанға ауа райы болжамы
- Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынды
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 12 жаңа лицензия жеңіп алды
- Сарапшы Қазақстандағы артиллерия зауытына қатысты РФ депутатының наразылығына жауап берді
- АҚШ Әділет министрлігі Клинтон мен Джексонның педофил Эпштейнмен түскен суреттерін жариялады
- Айс Мұратова мен туыстары 32 күн бойы тергеу изоляторында заңсыз қамақта отырды ма?
- БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды
- 55 млн теңге ұрлаған алаяқ Швециядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Ескі қазақстандықтар Дубайдағы виллаларын 20 миллиард теңгеге «сатып» жатыр