Астанадағы өрт: «Үш бутик өртенді»

cover Фото: ТЖМ

Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы «Ажар» сауда үйінде үш бутик өртенді.

Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Астана қаласы төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде Байқоңыр ауданындағы екі қабатты «Ажар» сауда үйіндегі үш сауда бутиктің өртенгені анықталды. Өрт кезінде сауда үйінің ішінде адамдар болмады. 

Өрт алдын ала 80 шаршы метр аумақты шарпыды. 7:41-де нақтыланған ақпарат бойынша 60 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жоюға төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 65 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылды. 

 Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.  

Еске сала кетейік, кеше ғана Алматының «барахолка» базары алапат өртке оранған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар