Астанадағы лифтіде 5 жасар баланың бетін тілген жасөспірімге үкім шықты
Фото: Бейнеден кадр
Астанада лифтіде 5 жастағы баланың бетін тіліп, қашып кеткен жасөспірімге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, жасөспірім II топтағы мүгедек және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Сондықтан сот 14 жастағы жасөспірім мәжбүрлі емге жіберілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жасөспірім созылмалы психикалық аурудың салдарынан, өзінің іс-әрекетінің қауіпті екенін аңғармаған.
«ҚК 16-бабының талаптарына сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. Сот қаулысына сәйкес, К.-ге Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды», — деді судья.
Айта кетейік, жарақат алған бала №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Бала бетінің жұмсақ тіндеріне көптеген кесілген жарақат алғандықтан, жалпы жағдайы ауыр деп бағаланды. Оған ота жасалды.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды