Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды

cover Фото: Orda.kz

Күйші Дина көшесінде заңды өрескел бұзған 27 жастағы жүргізуші тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жүргізуші жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның 59-ы – жылдамдықты асырғаны үшін.

«Жүргізуші әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен 133 шқ/сағ жылдамдықпен, қызыл жарыққа өтіп кеткен. Бұған дейін 90 шқ/сағ орнына 216 шқ/сағ жылдамдықпен жүргені де тіркелген», деп мәлімдеді полиция.

Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

«Полиция заң талаптарын жүйелі түрде елемейтін тұлғаларға қатысты қатаң әрі талапты шара қолданылатынын атап өтеді. Айыппұлды төлеу фактісі жауапкершіліктен босатпайды және заң алдында барша азамат тең», деп хабарлады Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаменті тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар