Астанада жүк көлігінің жүргізушісі 7 жастағы қызды қағып өлтірді

cover Фото: Видеодан кадр

Астанада жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы оқиға Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған. Полицияның хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі жол қиылысында бұрылмақ болған. Сол кезде 7 жасар қыз жаяу жүргіншілер жолынан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан. 

«Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келді, көрсетілген көмекке қарамастан, биологиялық өлім тіркелді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде», деп хабарлады Астананың полиция департаменті. 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар